Әлемдегі ғылым

ДНҚ негізіндегі микроорганизмдерге атау беретін жаңа жүйе ұсынылды

21.09.2022

1248

ДНҚ талдауының заманауи әдістерін меңгеру ғалымдарға микроорганизмдердің мыңдаған жаңа түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Ғылыми ортада жаңа микробтарды тану және анықтау басты мәселеге айналды.

Хаосқа жол бермеу және нәтижелерді жүйелеу SeqCode протоколына негізделген әдіс табылған бактериялар мен басқа прокариоттарға ДНҚ тізбегі негізінде атау беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта микроорганизмдердің жаңа түрлерін тану және анықтау процедурасы айтарлықтай ұзақ және тыңғылықты еңбекті қажет етеді.
Халықаралық номенклатура кодексінің (ICNP) хаттамасына сәйкес, бактериялардың немесе прокариоттардың жаңа түрін растау үшін ғалымдар бұл түрді зертханада өсіруі және оның «үлгісін» тірі немесе мұздатылған түрде кем дегенде екі жаһандық репозиторийлер және белгілі бір ғылыми басылымда жаңалықтың сипаттамасын жариялауы керек.

ДНҚ секвенирлеу әдістерінің дамуымен жағдай да өзгерді. Жеке ДНҚ-ларды ретке келтіру және оларды бар деректер қорларындағы ДНҚ-мен салыстыру мүмкін болды. Бұл белгілі бір прокариоттарға жатпайтын микробтық ДНҚ тізбегін (генетикалық кодтың тізбегі) анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүкіл геномды барлық кезде «жинақтау» мүмкін емес. Нәтижесінде тек ДНҚ арқылы анықталған 5000-нан астам микроорганизмдерді ғана танып, сәйкестендіру күтілуде. Бұл үлкен мәселе, өйткені бар процедураларды орындау бұл процесті ұзақ уақытқа созуы мүмкін. Сондай-ақ осы түрлердің әрқайсысына бірегей атау табу да оңай емес.

SeqCode протоколы ДНҚ тізбегінің тіркемесі бар сайтқа өтінімді жіберуге мүмкіндік береді. Бағдарлама оның бірегейлігін барлық қолжетімді мәліметтер базасымен салыстыру арқылы тексереді және белгілі бір ережелерге негізделген атау береді. Өсірілген үлгілерді тапсырудың қажеті жоқ.

Ұсынылған әдіс көптеген қарсыластар мен скептиктерге ие. Көптеген ғалымдар микроорганизм физикалық түрде өсіп, зертханада анықталғанша, жаңа түрлер туралы айту әлі ерте деп санайды. Бұл гипотетикалық организмдер, олардың шындығы тек теориялық түрде сипатталады.
Микробиологтар екі лагерьге бөлінген: ICNP әдістемесі негізінде жаңа микроорганизмдерді анықтаудың ағымдағы жүйесін қолдайтындар және SeqCode бағдарламалары арқылы метадеректерді өңдеу үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланатын инноваторлар.
Микробиологияның қалай дамитынын уақыт көрсете жатар. Әзірге бұл екі әдіс бір уақытта жұмыс істейді және зерттеушілер әрқайсысының кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалай алады.

https://www.science.org/content/article/microbiologists-propose-new-dna-based-naming-system-microbes?utm_source=sfmc&utm_medium=email&utm_campaign=DailyLatestNews&utm_content=alert&et_rid=775083930&et_cid=4407287

«« | »»
Соңғы жаңалықтар