Қазақстан ғылымы

Ғалымдар алғаш рет бірегей әдіспен ферросиликомарганецті балқытты

28.03.2022

2316

Елімізде алғаш рет Қарағанды индустриалды университетінің ғалымдары Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының жұмысшыларымен бірлесіп, ферросиликомарганецтің стандартты сорттарын балқытудың тиімді технологиясы бойынша қуаттылығы 250 кВА электр пешінде тәжірибелік балқыту жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы университет ректоры Болатбек Абдрасилов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Пилоттық сынақтар «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыратын «Ферромарганец кендері мен энергетикалық сапалы көмірді пайдалана отырып, ферросиликомарганецтің стандартты сорттарын өндіру» ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық жобаға сәйкес жүргізілген.

Технологияның ерекшелігі сол, сапасыз ферромарганец кендері жоғары марганецті шлак пен шойын өндіру арқылы өңделеді. Одан әрі ферросиликомарганец жоғары марганецті шлактан кокстың орнына күлді көмірді пайдаланып балқытады.
Тәжірибелік технология бойынша ферромарганец силикомарганецінің бәсекеге қабілеттілігі бастапқы ферромарганец кені мен көмірдің төмен құнымен, сондай-ақ жанама өнім – шойын сатумен қамтамасыз етіледі.

Суреттер https://www.facebook.com/photo/?fbid=4752704291518214&set=pcb.4752712194850757 жеке парақшасынан алынды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар