Қазақстан ғылымы

Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа кірудің артықшылықтары мен кемшіліктері

06.12.2022

1026


Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі, QazTrade, NANEC, Ғылым қоры өкілдері, агроөнеркәсіп саласындағы селекционерлер мен ғалымдар Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) кіру мәселесін талқылады. Мамандар бұл одаққа мүше болудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ортаға салды. Мысалы, одаққа кіруде шет елдің селекция сорттарын пайдалану арта түспек. Өсімдік сортының патентіне баса назар аударылған жағдайда фермерлер қиналып қалуы мүмкін. Яғни, олар өздері өсіретін тұқымдарды пайдаланып, сата алмай қалады. Себебі, Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одағының талаптары бойынша, жаңадан алынған сорт Қазақстан аумағында қолданылмауы тиіс. Тіпті сатылмауы керек. Бір жылдық өсімдіктердің жаңа сорты бұл одаққа берілген өтінім күніне дейінгі төрт жылға дейін, көпжылдық өсімдіктің жаңа сорты алты жылға дейін еш жерде пайдаланылмауы тиіс. Десек те, отандық дәнді-дақыл сорттарын шет елге танытуға мүмкіндік бар, деп отыр мамандар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін халықаралық одаққа кірудің мемлекеттік сараптама барысында халықаралық әдістер мен талаптарды енгізу; сорттардың атауларын тексеру және отандық және шетелдік селекцияның селекциялық жетістіктерін тіркеу жөніндегі бірыңғай деректер базасы; селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілігін техникалық анықтауға арналған UPOV талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі; тұқымдық дақылдарды сынауда UPOV техникалық талаптарын қолдану, түпнұсқалығы мен сорттық тазалығын анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдарының патент қабілеттілігін анықтау үшін анализатор сорттарының ұлттық деректер қорын тану; UPOV-дан селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілігін анықтау үшін анализатор сорттары мен коллекциялық материалды алу сияқты пайдасы бар.

Бірақ, отандық ғылыми-зерттеу институттарына аса ыңғайлы емес. Шетелдік селекция сорттарымен салыстырғанда бұршақ, жүгері, майлы дақылдар, көкөніс, бақша және жеміс-жидек дақылдарының отандық сорттарының бәсекеге қабілеттілігі төмен. Бұл дақылдардың тұқымдық сорттары бойынша отандық сорттардың халықаралық нарыққа шығуы күмәнді, деп отыр Ауыл шаруашылығы министрлігі. Дәнді, жарма дақылдары бойынша бастапқы тұқым шаруашылығының нақты жүйесінің қалыптаспауына байланысты шетелдік сорттар көп пайдаланылып кетуі мүмкін. Бұл ішкі нарыққа кері әсерін тигізеді.

«Сонымен қатар, ұлттық селекционерлерге бірыңғай схема бойынша Одаққа мүше басқа мемлекеттерде құқықтық қорғау алу мүмкіндігін беру және сәйкесінше шетелдік селекционерлер өз сорттарын ұсынып, Қазақстан аумағында тұқым шаруашылығын ұйымдастыра алады. Өз тәжірибесімен бөлісіп, басқа мүшелердің тәжірибесін пайдалануға, сондай-ақ әлемдік асыл тұқымды жұмысты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік туады», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне Халықаралық одаққа кірген жағдайда, тек сорттарды пайдаланғаны үшін роялти төлемі бойынша ғана минус болуы мүмкін.

UPOV зерттеулері бойынша Вьетнамда 1995-2005 жылдары кірістер деңгейінің артуынан шығымдылықтың жоғарылауы байқалды, бірақ өсімдік селекциясына байланысты өсім байқалмады. Одаққа кіргеннен кейін 2006-2016 жылдары өсімдік селекциясы жыл сайын арта түскен. Сол сияқты Канаданың ауылшаруашылығы саласында да өнім жоғарылаған.

Материал https://apk-news.kz/news/item-1135?_utl_t=fb&fbclid=IwAR2J4Bj11p30N6qJXzNHdGNE8vCIKMPAwIJNDARlBmW8Mi3y5MahTM3MkaM деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар