EXPO-2017

Тау жыныстарының минералдық құрамын анықтайтын ақпараттық жүйе әзірленді

11.05.2018

6805

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің доценті, ф.-м.ғ.к. О.Бакланова пішіні қиын нысандарды жіктеудің және тау жыныстарының микротүсірілім үлгілерін автоматты сегментациялаудың толық мүмкіндіктеріне ие автоматтандырылған микроскопия жүйесіне арналған алғышартты жасады. Осылайша тау-кен қазу өнеркәсібінде минералды жыныстардың сапалы құрамын бағалау үшін бейнелерді анықтау алғышарттары мен тәсілдері жасалды.

Жоба барысында аяқталған қолданбалы шешімдер түрінде бағдарламалық кешен жасалды. 2013-2015 жылдар аралығында 17 мақала жарық көрген, оның 15-і шетелдік басылымдарда жарияланған және қорғалған құжат саны – 1 (авторлық куәлікке өтініш).
Жоба нәтижесі NormalWork ЖШС, «Открытые технологии плюс» ЖШС енгізілді.
Әзірленген бейнелерді тану тәсілдері, алғышаттары мен технологиялары түсінің ашықтық сипаттамасы өзгерген жағдайдағы жиынтық суреттерді зерттеу нысанынан бөліп алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар балама нұсқалармен салыстырғанда сегментация сапасын қамтамасыз ететіндігі көрсетілді. Жоба нәтижесі тау жыныстарының минералды құрамын бағалауға және болжауға, адамның қатысуынсыз алынған мәліметтерді сараптауға, өңделген ақпаратты сараптау үшін сыртқы сақтау орындарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, қорыта айтқанда жасалған ақпараттық жүйе тау жыныстарының минералды құрамын анықтау үдерісін жылдамдатуға бағытталады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар