EXPO-2017

Либерияда Эболаға қарсы вакцина сыналуда

03.02.2015

8224

Дүйсенбі күні Либерияда Эбола безгегіне қарсы вакцинаны алғаш рет кеңауқымды сынау шаралары басталады. Вакцина елге аса құпиялы жағдайда жеткізілді.
GSK және Merck компаниясында өндірілген вакцинаны сынау жұмысына 30 мыңға жуық ерікті қатысады деп күтілуде, деп жазады ВВС.

Өткен жылы тарихта алғаш рет бұрқ ете қалған Эбола безгегінен 9 мыңға жуық адам көз жұмды. Қаза болған адамдардың көбі Гвинея, Сьерра-Леоне мен Либерия елдерінің азаматтары болды.

Соған қарамастан, өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегі эпидемиясы аяқталуға жақын екенін мәлім етті.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар