EXPO-2017

Жыл сайын 200 қазақстандық дәрігер әлемнің үздік медициналық орталығында білім алады

26.11.2014

7685

Жыл сайын 200-ге жуық қазақстандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші медициналық орталықтарында білімін жетілдіреді. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

Мәселен, министрлік ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылы медицина саласының басымдықты бағыттары бойынша қазақстандық 145 маманның Германия, Литва, Латвия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Чехия, Беларусь, Түркия, Бельгияның жетекші медициналық орталықтарында білім алуы жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 39 маман өз білім жетілдіріп, елімізге оралды.

Бұдан бөлек, отандық медициналық білім және ғылым ұйымдарының базасында халықаралық деңгейдегі шетелдік мамандардың қазақстандық дәрігерлерге арналған шеберлік сабақтары өткізілуде. Ағымдағы жылы Австрия, Оңтүстік Корея және Ресейден келген мамандар еліміздің жоғары оқу орындарында педиатрияның өзекті мәселелері бойынша дәріс берді. Италия, Израиль және Корея елдерінің жетекші онкологиялық орталықтарының мамандары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институында онкологияның өзекті мәселелеріне қатысты шеберлік сабақтарын өткізді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар