Өзектi

Іске асыру мерзімі 12 және 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстары туралы

26.08.2020

2832

2020 жылғы 5 шілдеге іске асыру мерзімі 12 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 373 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 179 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады (1-қосымша). Бір өтінім ғылыми жетекшінің конкурсқа қатысудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты қайтарылды.
Іске асыру мерзімі 27 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 1347 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 563 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылып, өтініш берушілерге қайтарылады (2-қосымша). Бір өтінім ғылыми жетекшінің конкурсқа қатысудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты қайтарылды.


Ауытқу негіздері бөлінісінде жағдай тұтастай төмендегі кестеде көрсетілген

12 ай

27 ай

1

Өтінімді ресімдеудің Үкіметтің №575 қаулысына және конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес келмеуі (күтілетін нәтижелер КҚ талаптарына сәйкес келмейді)

91

276

2

Ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі

40

188

3

Конкурстық құжаттамаға қосымшаларға сәйкес талап етілетін құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы, конкурсқа қатысушыда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болмауы және т. б.

48

99

4

Өтініш берушінің өтініші бойынша пікір

1

1

Барлығы қабылданбады

180

564


Алдын ала іріктеуден өткен және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілген ғылыми жобалар бойынша басым бағыттар бөлінісіндегі жағдай төмендегі кестеде көрсетілген.

Басым бағыты

27 ай

12 ай

1

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар

161

22

2

Энергетика және машина жасау

64

12

3

Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар

51

5

4

Өмір туралы ғылым және денсаулық

55

8

5

"Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері

285

90

6

Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі

67

23

7

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс

12

1

8

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер

88

32

БАРЛЫҒЫ

783

193


Барлық қабылданбаған өтінімдер 2020 жылғы 7 тамыздағы конкурстық құжаттама талаптарына толық сәйкес келтірілген жағдайда, 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа берілуі мүмкін, оған өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.


Қосымша 1
Қосымша 2

https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/o-konkursah-na-grantovoe-finansirovanie-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-12-i-27-mesyacev?fbclid=IwAR2Y8rxbZwH3Kle9Oj_87hBJuwAvbeTr0wroBN1lf5YLDcZzLFwxJyeRxVE&lang=kk

«« | »»
Соңғы жаңалықтар