Өзектi

Қазақстанның үздiк жас ғалымы атағына байқау жарияланды - NATD

30.06.2015

5085

ҚазАқпарат - Күзде Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы өтедi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (NATD) басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлiмов мәлiм еттi.
Байқау "Мектеп оқушылары арасындағы үздiк инновациялық жоба", "Үздiк жас ғалым", "Стартап командаларға арналған Technation акселерациялық бағдарлама", "Үздiк рационализациялық шешiм", "Рационализациялық жобаларды кәсiпорындарда қолдаудың үздiк жүйесi" аталымдары бойынша өтпек.

"Бiз биыл Қазақстанның ең үздiк үш жас ғалымын анықтағымыз келедi. Бiз өз тарапымыздан қаржылық сыйақы дайындаймыз: бiрiншi орынға - 7,5 млн. теңге, екiншi орынға - 2,5 млн. теңге, үшiншi орынға - 1 млн. теңге. Қазақстан үкiметiнiң тапсырмасы мемлекеттiк бюджет есебiнен жасалып жатыр", - дедi ол.

"Ғылым жолын таңдаған жас ғалым - батыр адам. Бұл мамандық Қазақстанда, өкiнiшке орай, тартымды емес. Бiз солардың iшiнен мықтыларды анықтап, еңбектерiн ынталандырғымыз келедi. Түкпiрдегi ауылдар да бiлсе деймiз, себебi ең мықты ғалымдар сол жерлерден де шыға алады", - дейдi Ж. Сәлiмов.

Оның сөзiне қарағанда, қазылар мүшелiгiнде Технологияларды коммерцияландыру орталығынан Дамир Егiзбаев, "Chocolife" басшысы Рамиль Мухряпов болмақ.

"Мобильдi технологиялар бойынша Арман Сүлейменов бар, "Болашақ" түлегi, ол қазiр Қазақстанда стартап мектептерiн ашуда. «Arta Software» компаниясының негiзiн қалаушы Болат Башеев, "Open Technologies" компаниясының басшысы Қайрат Ахметов. Сонымен қатар Силикон алабынан да ең үздiк инноваторлар болады. Қазақстан өзiнiң қазанында қайнамауы тиiс. Бiз жаһандық нарыққа шығатын жобалармен айналысуымыз керек. Сондықтан Five Hunter Star серiктесi Сезар Салазар, Антон Карпенко, Павел Черкашин, Lenta.ru компаниясынан Алексей Чашва сынды халықаралық деңгейдегә есiмдер шақыртылды", - деп атап өттi NATD басшысының орынбасары.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар