Өзектi

Еуропалықтар қалдықтарды қайта өңдеудің 30 жобасын дайындады

15.08.2014

10437

FURNITREUSE жобасы тұрымыстық қалдықтарды экологиялық таза композиттік материалға айналдырып, арзан пластмассалық жиһазды қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеулеуде. Әлемде жыл сайын адамдар пластмассалық жиһаздың мыңдаған тоннасы күресінге лақтыратыны белгілі. Бүгінде затты ұсақтау және жағудың түрлі тәсілдері пайда болғанда тұрмыстық қалдықтарда тастай салудың күні өтіп бара жатқанын байқаймыз.

Тұрмыстық қалдықтардың өңдеу
Полистиролды қайта өңдеп азық-түлік өнімдерін орау үшін кең ауқымда пайдаланылатын материал дайындауға болады. PolySolve жобасы оларды таза полимерлермен салыстыруға болатын жоғары сапалы өнімдерге айналдыратын полистирол қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік туғызып отыр. Ал CLIPP зерттеу жобасы тұрмыстық қалдықтарды пайдаланылудың тұйық циклдік жүйесін жасай отырып, бастапқы өнімдердегі боялған және ламинатталған пакеттер шығаратын технологияны өмірге әкелді.
C2CA жобасы пайдаланылған бетонды қайта өңдеп жаңа бетен шығаруға жол ашуда. Аталған технология табиғи газды пайдалануды қысқартуға, сонымен қатар құрылыс материалдары өндірісінің секторына зиянды заттар тастамауға мүмкіндік беріп отыр.
BIO-BOARD жобасы азық-түлік өнімдерін орауды қайта өңдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін қағаздар мен картондарды кәдеге жаратудың технологияларын жасаумен айналысуда. RecycAl жобасының міндеті – таза алюминий қоспаларын жасауға жарамды жаңа жоғары сапалы шикізаттағы қоспалардың жоғары құрамымен төменгі сортты алюминий ломын қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірледі
RECALL зерттеу жобасы оларды жаңа шикізат пластик және целлюлозаға айналдырып,, (балалар жаялығы, гигиеналық майлықтарды) гигиеналық өнімдерді абсорбциялайтын қалдықтарды қайта өңдеу үрдістерін жасаумен айналысып жатыр.
WPF зерттеу жобасы IKEA компаниясымен бірлесе отырып макулатурадан жиһаз өндірісінің инновациялық, экологиялық таза технологиясын әзірлеп жатыр. Waste2Go жобасы қатты тұрмыстық қалдықтардың органикалық фракциялары орнықты жоғары сапалы химикаттардың көзіне айналатын үрдістерді әзірлеуге бағытталған.
INNOBITE жобасы тұрмыстық қалдықтарды экологиялық таза «жасыл» құрылыс үшін энергия үнемдеу материалдарына айналдыруға ұмтылып келеді.

Күрделі қалдықтарды қайта өңдеу
CoLaBATS жобасы кобальт, лантана, церия, мыс, никель және басқа да құнды материалдарды қалпына келтіру мақсатында пайдаланылған литий-ионды және никель-метал гидридті батареяларды қайта өңдеуді қолға алып отыр. Аталған батареялар ұялы телефондар да, ноутбуктар да, өнеркәсіптік жабдықтар да кеңінен пайдаланылады және дамып келе жатқан электромобильдерді шығару үшін маңызы зор. Соңғы он жылдықта электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарының көлемі бірден өскенін белгілі. Қалдықтардың аталған түрлерінің құрамында әртүрлі жоғары технологиялық құрылғыларда қайтадан пайдалануға болады. RECYVAL-NANO зерттеу жобасы осы күрделі қалдықтардың көзі болып табылатын – дисплейлердің тегіс панельдерінен индийді, иттрийді және неодимді қалпына келтірудің инновациялық үрдісін әзірлеп жатыр.
Жыл сайын әлемде миллиардтан астам автокөлік шиналары өндірілетінін білеміз. Сол шиналардың 50%-ға жуығы түптеп келгенде төменгі сортты шикізатқа айналады немесе қоқыс тасталынады. Ал Anagennisi және SULFREE зерттеу жобалары пайдаланылған шиналарды жоғары сапалы өнімдерге және химикаттардың бағалы базаларына айналдыру үшін инновациялық технологияларды әзірлеуде.
W2Plastics жобасы күрделі полиофинді қалдықтарды бөлудің және сұрыптаудың технологияларын әзірлеп жатыр. Еуропалық мемлекеттерде пластмассаларды пайдалану 1993 жылы 24,6 млн.тоннадан 2004 жылы 39,7 млн. тоннаға дейін өскен және тұтастай алып қарағанда экономикадың өсімінен де, үлкен қарқынмен өсуде. Аталған пластиктердің үштен бірі полиолефон болып табылады. Әзірленген технология полиолефинді қалдықтарды екінші рет қолдануға мүмкіндік береді.

Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу
NEWAPP зерттеу жобасы ылғалды биомассаны көміртекке (биокөмір) айналдыратын жылы суды карбонизациялау үрдістерін жетілдірумен айналысып келеді. Қазіргі уақытта ЕО мемлекеттері жыл сайын жылы суды карбонизациялау үрдісінің көмегімен тиімді өндірілу мүмкіндігі бар 80 млн. тонна ылғалды биомассаны өндіреді.
NOSHAN жобасының негізгі міндеті жануарлар азығы өндірісі үшін тамақ қалдықтарын пайдалануға жағдай жасайтын экономикалық және қуатты тиімді үрдістерді құру болып табылады.
REFERTIL жобасы тыңайтқыштарды және биомассаларды өндіру үрдістерін жақсартумен айналысып келеді. Жобаның міндеті – тағамдық заттарды тиімді қалпына келтірумен биологиялық қалдықтарды кешенді өндірудің экологиялық таза технологиясын әзірлеу болып табылады.
SYNPOL жобасының міндеті күрделі органикалық қалдықтардан қалыптастырылған синтез-газды ферментациялау барысында алынған өнімдерді пайдалану көмегімен биополимерлерді синтездеудің экономикалық тиімді технологиялық үрдістерін әзірлеу болып табылады.

Материалдарды қалпына келтіру
REE-CYCLE жобасы сирек жерасты металлдарды өндірудің экономикалық тиімді және экологиялық таза үрдістерін жасаумен айналысуда. Қазіргі таңда 97% сирек жерасты металдардың шығаруды Қытайда жүзеге асырып отыр.
IRCOW жобасының мақсаты – құрылыс қалдықтарынан тиімді өндіру және материалдарды қалпына келтіру үшін технологиялық шешімді әзірлеу болып табылады. ShredderSort жобасы сұрыптаудың жаңа технологиясының және автомобильді шредерлік қалдықтарды өндірудің әзірлемесіне бағытталған. ЕО автомобильді өнеркәсібіндегі қалдықтардың көлемі 2010 жылы 10 млн. тоннаға дейін өсті және 2013 жылға қарай олардың көлемі 40%-ға ұлғаяды деп болжам жасалынып отыр.
Суларды қайта өңдіру
R3Water көрсету жобасының негізгі мақсаты қаладағы ағынды суларды тазалауға арналған қолданыстағы құрылыстардан құнды шикізат өндірісіне арналған құрылыс концепциясына ауысуды техникалық қолдау болып табылады. Мысалы, тазартпа құрылыстары энергия, тамақ өнеркәсібі, таза сулар бойынша кәсіпорындарда жаңартылуы және өзгертілуі мүмкін болып табылады.
P-REX жобасы фосфорды қаладағы ағынды сулардан қалпына келтірудің технологияларын әзірлеп жатыр. Фосфор синтездеу немесе басқада заттармен алмастыру мүмкін емес, өмірлік маңызды элемент болып табылады. Фосфорды қаладағы ағынды сулардан қалпына келтіру аталған элементке еуропалық сұраныстың 20% жуығын әлеуетті түрде жаба алады.
Қалдықтарды энергияға өзгерту
FFW жобасы ауылшаруашылық техникасы арналған энергия өндірісі немесе отын ретінде пайдаланылатын синтетикалық табиғи газ немесе дизельді отын өндіру үшін (аталған жағдайда зәйтүн майы өндірісінде алынған) ауылшаруашылық қалдықтарын өндіру технологияларын әзірлеп жатыр.
BioWET зерттеу жобасы ағынды суларды анаэробты ашыту, өнеркәсіптік ағынды сулардан биосутекті өндірісі, сонымен қатар отын элементтерінің көмегімен электр қуатының тікелей өндірісі сияқты қалдықтарды энергияға айналдыруға арналған биотехнологиялар қатары үшін жасаумен және жетілдірумен айналысып келеді.
BioWALK4Biofuels жобасының мақсаты шағын балдырларды пайдалана отырып био отынның екінші буынының өндірісіне арналған (электрстанциялар, мысалы) энергия өндірісі барысында алынған органикалық қалдықтарды және көмір қышқыл газын кәдеге асыру бойынша көрсету үрдістерін жасау болып табылады.

Дереккөздері: innodigest.com


«« | »»
Соңғы жаңалықтар