Өзектi

Балаларға орта білімнен бұрын, базалық экономикалық білім беруіміз керек - Д.Назарбаева

09.02.2016

5471

Бүгін Білім жəне ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатыса отырып, Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева балаларға орта білімнен бұрын, базалық экономикалық білім берудің маңыздылығына тоқталды.
«Баламыз мектепті аяқтай ма, жоқ па, колледж немесе униветситетте оқи ма, жоқ па, оған қарамастан оларға экономика, қаржы жəне кəсіпкерліктің алғы шарттарын үйретуіміз керек. Яғни, бала қандай қаржы құралдары бар екенін, үнемдеу мен өз ісін ашуға не керек екенін білуі керек. Балаларымыздың бəрі осындай базалық біліммен қаруланса, жаман болмас»,-деді Д.Назарбаева.

Премьер-министрдің орынбасары атап өткендей, тағы бір маңызды мəселе - балаларымызды сыни ойлауға үйрету.

«Баланың жан-жақтағы оқиғаларға қатысты өз пікірі болуы керек. Қазір əлемнің көптеген институттары сыни ойлауды оқытып жатыр. Бізге де осыны қолға алу керек. Бала алған білімін пайдасына жарата алуы керек. Мысалы, кезінде біз математика немесе химия пəнін оқи отырып, осы алған білімді қай жерде қалай қолдануға болатынын ойлана қоймадық. Ал, қазір мектеп оқушыға сол білімді қалай жəне қай жерде пайдалану керектігін түсіндіруі керек. Білім жүйесін жақсарта келе, балабақшада да, мектепте де, кəсіптік білім беру орындары мен жоғарғы оқу орындарында да пəндерді бір-бірімен сабақтастыра отырып, оқытуға қол жеткізгіміз келеді», - деді Д.Назарбаева.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар