Өзектi

Ғалымдар: Үйдің тұңғышы өзінің бауырларына қарағанда ақылдырақ болады

21.10.2015

7239

Негізі, адамның алғыр әрі ақылды болуына оның нешінші болып өмірге келуі аса әсер етпейді. Алайда, үйдің үлкені - баланың тұңғышының өзінен кейінгілерге қарағанда IQ-і (интеллект коэффициенті) жоғарырақ болады. Бұл туралы зерттеу нәтижесін PNAS журналы жариялады.
Зерттеуге АҚШ, Британия, Германия елдерінен 20 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың бәрінің бауыр-қарындастары немесе іні-сіңлілері болған. Қатысушылар IQ, сондай-ақ психологиялық тесттен өткен.

Зерттеу қорытындысы бойынша, ғалымдар адамның тез тілтабысқыштығы, сезімталдығы, мінезінің ашықтығы, шыншылдығы және басқа да мінез-құлық қасиеттері оның үйдің нешінші баласы екендігіне байланысты болмайтынын, алайда тұңғыштардың IQ көрсеткіші расымен жоғарырақ болатынын анықтады. Көрсеткіш айырмасы шамамен 1,5 балды құрайды.

Зерттеушілер бұған генетикалық және биологиялық факторлардың еш қатысы жоқ деп санайды. Керісінше, бұл жерде тәрбиенің ықпалы зор көрінеді. Көп жағдайда үйдің кенжесін әке-шешелері қатты еркелетіп жібереді де, оған тұңғыш баласына қарағанда көбірек еркіндік береді. Осы себепті сабақтағы үлгерімі тыңғылықты қадағаланбай қалады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар