Анонс

2023-2025 жылдарға арналған 
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін 
коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын 
гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы  хабарландыру


«Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды. 

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ  (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) (www.ncste.kz/ru/competition)  және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған. 

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2023 жылғы 01 маусым. 
Өтінімдерді қабылдау аяқтау мерзімі – 2023 жылғы 30 маусым

Конкурстық өтінімдер Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады. 

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2023 жылғы маусымның 1-нен бастап маусымның 30-ы аралығында +7(7172)76-85-78 (Сәкен Ә.), 26-63-59 (Сәдуақасов С.Е.), 76-85-76 (Омаров Қ.Қ.) телефондары бойынша (жұмыс күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша), сондай-ақ маусымның 2-нен бастап маусымның 29-ы аралығында онлайн конференциялар арқылы (сілтеме: Zoom конференциясының  идентификаторы: 870 285 8115, қосылу коды: 2023) жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алуға болады.