Қазақстан ғылымы

Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту шараларын қарастыруда

01.02.2023

1350



Еліміздегі химиялық қауіпті объектілері бар кәсіпорындардың технологиялық процестері әртүрлі. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіпті еңбек жағдайларын ұйымдастыру жұмыстары, санитарлық-гигиеналық жағдайының да өзіндік сипаты бар.  

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары осы ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының химиялық қауіпті объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Олар қауіпсіздік шараларын күшейтуді жүйелі түрде зерттеп, стандартты процестерді біріктіре отырып, авария қатерлерін, өндірістік жарақаттану және кәсіптік ауруларды талдау және бағалаудың әдіснамалық тәсілін жасауды жоспарлап отыр. 

Ғылыми жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының химиялық қауіпті объектілерінде орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайларды азайту бойынша ғылыми-негізделген әдістерді әзірлеу болып табылады. 

Нәтижесінде бақылаушы және қадағалаушы ұйымдар техникалық жарақаттардың зақымдаушы факторларының әсерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жедел айқындауға, химиялық қауіпті объектілеріндегі ағымдағы және күтілетін жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, оны анағұрлым тиімді реттеуге және мемлекеттік бақылауға ықпал етуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдары уақтылы шешімдер қабылдауы үшін объектілердің жай-күйі туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 

Қазіргі таңда ғалымдар бұл жоба шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорынға химиялық авариялардың алдын алуға және олар туындаған жағдайда олардың салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың  сараптамалық бағалау және статистикалық талдау әдісіне негізделген әдіснамалық тәсілін жасаған. 

№ AP09259869 «Қазақстанның химиялық қауіпті объектілерінде көп факторлы талдау және модельдеу негізінде еңбек қауіпсіздігін бағалау әдістерін әзірлеу» жобасы (2021-2023 жж. (36 ай) арналған мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру бойынша) 

Ғылыми жетекшісі: Павел Владимирович Емелин, т.ғ.д., «НАКС ГАЦ» ЖШС директорының ғылым және инновация жөніндегі орынбасары.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар