Әлемдегі ғылым

Сиыр тезегімен жүретін трактор пайда болды

16.01.2023

1933


 
Британияда кәдімгі тезектен алынған отынмен жүретін тракторды Bennamann компаниясы ойлап тауыпты. New Holland T7 Metan Power LNG тракторының қуаты 270 жылқы күшіне тең көрінеді. 

Жаңа трактордың криогенді багын толтыруға шамамен 100 бас сиырдың тезегі қажет. Тезек арнайы қоймаға жиналып, өңделіп, газ алынады. Газ сығылып, отынға айналдырылады. Криогенді бак метанды сұйық түрінде -162 градустық температурада сақтайды. Яғни, дизель сияқты техникаға күш береді. Бірақ, оған қарағанда экономикалық жағынан едәуір тиімдірек дейді мамандар. 
Бұл техника Корнуолл фермасында сынақтан өткен. Нәтижесінде көмірқышқыл газы 2500 тоннадан 500 тоннаға дейін қысқарғаны белгілі болған. 
 
Сонымен қатар, ғалымдар метанның атмосфераны 20 жыл ішінде көмірқышқыл газына қарағанда жылыту қабілеті 80 есеге артық екенін алға тартады. Сондықтан оны тиімді пайдалану арқылы жаһандық жылынумен күресуге де септігі зор екенін айтады. 

Деректер мен сурет https://www.dailymail.co.uk/sciencetech/article-11605927/Worlds-tractor-powered-COW-DUNG-unveiled-help-tackle-climate-change.html сайтынан алынды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар