Қазақстан ғылымы

«Жас ғылымды дамыту стратегиясы: проблемалардан шешімдерге дейін»

01.12.2025

55

ҚР  Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі Қазақстан-Британ университетінің базасында «Жас ғылымды дамыту стратегиясы: проблемалардан шешімдерге дейін» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, бизнес-ұйымдар, корпоративтік сектор атынан жүзден астам жас ғалымдар қатысты.   

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар ғылыми қоғамдастығының көшбасшылары үшін бірыңғай коммуникациялық алаң құру. Күн тәртібінде сондай-ақ тәжірибе алмасу, жас ғалымдардың алдында тұрған жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу атап өтілді. 

Жас ғалымдарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнежазбасын жолдады. 
Дөңгелек үстел жұмысына ҚБТУ басқарма төрағасы Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Сембаева Әлия Мұратқызы, ҚР Президенті жанындағы Ғылым академиясының вице-президенті Батырышев Дидар Ғалымұлы, «ҰМҒТСО» АҚ Басқарма төрағасы Бибосинов Асылхан Жәнібекұлы қатысты. 

Жас ғалымдардың Қазақстандағы ғылым мен өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша баяндамалары қатысушылардың үлкен қызығушылығын арттырды. Осы тақырып бойынша «Тау-Кен-Самұрық» ҰМК АҚ ЖҒК төрағасы Нұрланов Айдар, «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ғылым және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Бақсұлтанов Дархан, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылым, сирек кездесетін металдар және сирек кездесетін жер металдары департаментінің бас сарапшысы Буркурманов Берік, «Самұрық-Қазына өндеу» ғылым департаментінің басшысы Шәріпова Алтынай, «Қазақмыс» корпорациясы іскерлік коммуникациялар және салалық серіктестік бөлімінің басшысы Баяхметов Асылбек сөз сөйледі. 

ҚР ҒЖБМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, жоспарлары, болашағы, мақсаттары мен міндеттері туралы оның басшысы Өмірғали Арманбек айтып берді.  
Есепті кезеңдегі жас ғалымдар Кеңестерінің жұмыс нәтижелері талқыланды, үздік тәжірибелер анықталды және одан әрі даму векторлары анықталды. 
«ҰМҒТСО» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Бибосинов қатысушыларға арнайы «Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары шеңберінде ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға өтінімдер берудің әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді. 
Жобалардың Питч-сессиясы өтті: тұсаукесер аясында жас зерттеушілер сарапшылар мен әріптестерімен кері байланыс орнатып, өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар