Әлемдегі ғылым

Қытай ғалымдары қатерлі ісікке қарсы препараттар өндірудің жаңа жолын ұсынды

10.11.2025

7

Қытай ғалымдары қымбат дәрілік препараттарды, соның ішінде онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілерді өндіруге қатысты жаңалық ашты. 

Ханчжоудағы Қытай ғылым академиясы Озық зерттеулер институтының қызметкері Чжан Сяхэн мен Шанхай органикалық химия институтының профессоры Сюэ Сяосунның жетекшілігіменн химиктер тобы бірлесіп зерттеу жүргізген. Олардың ғылыми жұмысының нәтижелері беделді Nature журналында жарияланды.

Қытайда Сяхэн мен Сяосунның ашқан жаңалығы Нобель сыйлығына лайық деп есептейді, деп жазады SCMP. Pfizer компаниясының аға жетекші ғылыми қызметкері Скотт Бэгли де бұл зерттеуді «айтулы жетістік» деп атаған. Nature журналының редакциясы оған қытайлық ғалымдардың мақаласын шолып шығуды тапсырған.

Зерттеушілер химиялық препараттарды синтездеу кезінде органикалық қосылыстарды (ароматикалық аминдерді) құрылыс блоктары ретінде қолданудың қауіпсіз әрі тиімді әдісін жасаған. 

Мәселе мынада: 1884 жылдан бері аминдерді бромидтерге немесе хлоридтерге айналдырудың негізгі әдісі ретінде мыс қатысатын Зандмайер реакциясы қолданылады. Алайда оның кемшілігі бар: диазоний аралық қосылыстары жарылысқа әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, реакцияда галогенид көздері ретінде көп мөлшерде мыс тұздары қолданылады, бұл өнеркәсіптік масштабта үлкен қалдықтар тудырады.

Ал Қытай ғалымдары Зандмайер реакциясында қолданылатын диазонийлердің орнына нитрогруппаларды пайдалануды ұсынды. Бұл әдісте металдар қажет болмағандықтан, тазалау процесі қажет болмайды. Осылайша химиктердің уақыты мен қаражаты үнемделеді.

Дереккөз: https://www.rbc.ru/rbcfreenews/691196369a7947fcff926cb4
Фото: Istock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар