Қазақстан ғылымы

Қазақстан және АҚШ ғалымдары күкірттен инновациялық полимерлік материалдарды әзірлеп жатыр

06.11.2025

23

Қозыбаев университеті мен Аризона университеті (АҚШ) бірлесіп, ғылыми жобаларды жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі - «Қарапайым күкірттен инновациялық полимерлік материалдарды әзірлеу». Жоба Аризона университетінің профессоры Джеффри Пьюн басшылығымен жүзеге асырылады. Зерттеу тобының құрамында Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова да бар.

«Қазақстан күкірт өндірісі бойынша әлемде жетінші орында. Біз бұл жобаны үш бағытта дамытуды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, агрокластер үшін күкірттен жоғары құнды пластмассалар мен минералды тыңайтқыштар өндіру. Күкірт полимерлерін мұнай-газ өнеркәсібінде және жер қойнауын пайдалануда металдарды алу үшін де пайдалануға болады», - деді Алтын Шаяхметова.

Интернационалдандыру және халықаралық бағдарламалар жөніндегі Басқарма мүшесі Мансұр Әлімханов атап өткендей, Қозыбаев университеті мен Аризона университеті (АҚШ) арасындағы стратегиялық ынтымақтастық қазақстандық жастарға әлемдік деңгейдегі білім алуға арналған бірегей мүмкіндіктер жолын ашты.

«Ынтымақтастық нәтижесі  үш жыл ішінде университет пен аймаққа түбегейлі өзгерістер әкелді. Бүгінде Аризона университетінде 11 бірлескен және 5 қос дипломдық бағдарлама бойынша 1200-ден астам студент оқиды. Егер бұрын Қозыбаев университетінде негізінен Солтүстік Қазақстаның  студенттері оқыса, бүгінде біз еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ АҚШ, Қытай және Ресейден келген жастарды қабылдаймыз»,-деп атап өтті Мансұр Әлімханов.

Дереккөз: https://ku.edu.kz/news/view?id=12809&lang=kz
Фото: Adobe Stock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар