Қазақстан ғылымы

Зауыттардың шаң тәрізді қалдықтарынан кремний алынды

30.10.2025

6

Физика-техникалық институт ғалымдары кремнийді алу мен тазалаудың тиімді технологиясын әзірледі.

Зерттеу нәтижесінде ферроқорытпа және кремний зауыттарының шаң тәрізді қалдықтарынан (микрокремнезем) кремний алынды. Кремний өндіру процесінде түзілген қождан қожды-сілтілі цемент алынды. CaO, SiO₂ және CaF₂ құрамындағы шихта таңдалып, ол біртекті кремний фазасын алуға мүмкіндік берді. Балқыту процесінің негізгі параметрлері — қож мөлшері, қолданылған алюминий көлемі және қож/алюминий қатынасы анықталды.

Бұл технология күн энергетикасына арналған жоғары тазалықтағы кремний өндіру әдісін жасауға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс өндіріс процесінің өзіндік құнын төмендетіп, экологиялық тұрғыдан таза болады және заманауи тұрақты технологияларға қойылатын талаптарға сай келеді. Кремний өндіру процесінде алынған қож жоғары маркалы қожды-сілтілі цемент өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Осы технологияның маңызды аспектілердің бірі – оның экологиялық қауіпсіздігі, бұл процесті анағұрлым таза етіп, қоршаған ортаға әсерін барынша азайтады. Нәтижесінде, бұл әдіс табиғатқа минималды әсер ете отырып, күн энергиясына арналған жоғары сапалы кремний алуға мүмкіндік береді.

Ғылыми жоба: AP14870910 Ферроқорытпа өндірісінің және кварц рудасын байыту қалдықтарын қайта өңдеу арқылы күн сапасындай кремний мен қож-сілтілі цемент алу.
Жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Мұқашев Б.Н. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар