Кентау трансформатор зауытының мамандары Alageum Engineering және Umay R&D ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп трансформатор жасап шығарды. Қазір құрылғы Петропавлда сынақтан өтіп жатыр.
Жаңа өнім еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Смарт желіге толығымен бейімделген. EcoDesign 2 трансформаторы шығынды азайтады. Кернеудің жүктемесін автоматты түрде реттейді. Оны жаңартылған энергияның қосалқы станцияларында және теміржол, энергетика, мұнай-газ саласында кеңінен қолдануға болады.
“Қуаттылығы 630 КВА кернеуі 20 киловольт. Тансформатордың ерекшелігі мұнда арнайы құрылғы қойылған. РПН деп айтылады. Неміс фирмасы МР деген құрылғысы болып табылады. Яғни ерекшелігі трансформатор жұмыс істеп жатқан кезде трансформаторды өшірмей-ақ оның кернеуін ауыстыра беруге болады”, - дейді «Umay R&D» ЖШС Трансформатор жөніндегі конструкторы Отабек Нәлібаев.
Трансформатор «Alageum Electric» компаниясының Кентаудағы зауытында жасалды. Биыл бұл өндіріс орнына - 66 жыл. Зауыт әлемдік сапа стандартына және Smart Grid талабына сәйкес келетін жабдықтар шығарады. Құрамына 30 кәсіпорын кіреді. Қазір өнімін өз елімізбен қоса, 20-ға жуық шет мемлекетке экспорттайды.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/736442-kazakstandyk-inzenerler-elektr-energiasyn-unemdejtin-transformator-zasap-sygardy
Фото: 24.kz