Әлемдегі ғылым

Ғалымдар алып астероид Жердің жанынан ұшып өткенін хабарлады

18.09.2025

8

Ұзындығы шамамен 300 метр болатын 2025 FA22 астероиды Жердің жанынан ұшып өтіп, ғаламшарымыздан алыстап кетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты (ҒЗИ) Күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачёв.

«Өлшемі 130-да 290 метр болатын 2025 FA22 астероиды – планета үшін ең әлеуетті қауіпті нысандардың бірі саналады. Ол бүгін, Мәскеу уақытымен сағат 10:41-де Жер мен Айдың жанынан есептелген ең аз қашықтықпен өтіп, қазіргі уақытта ғаламшардан қашықтап бара жатыр», – деді Богачёв.

Оның айтуынша, аталған астероид биылғы наурыз айында анықталған және біраз уақыт Еуропалық ғарыш агенттігінің әлеуетті қауіпті нысандар тізімінде бірінші орында тұрған. Ғалымның сөзінше, минималды жақындауға бір тәулік қалғанда қауіп деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен, бірақ соған қарамастан дененің Жер мен Айдан аман-есен өтіп кеткенін нақты айту тек қазір ғана мүмкін болды.

Келесі жолы бұл астероид Жерге 2026 жылдың 20 тамызында оралады, бірақ бұл жолғыдан әлдеқайда алыс– 25 есе алыстан өтпек. Оның Жерге жақын өтуі 2089 жылы және әсіресе 2173 жылы болады деп болжанған, дегенмен астероидтың орбитасы әлі де өзгеруі мүмкін.

Дереккөз: https://ria.ru/20250918/asteroid--2042647743.html
Фото: Istock
«« | »»
Соңғы жаңалықтар