АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) астрономдары Perseverance марсоходы жинаған үлгілерден ежелгі тіршілік формаларының ықтимал іздерін анықтады. Бұл туралы агенттіктің ғылыми бағдарламаларының жетекшісі Никки Фокс мәлімдеді.
«Бұл жаңалық – дәл осындай ғылыми деректерді, яғни Марстағы ықтимал биосигнатураны анықтауға мүмкіндік беретін NASA миссиясын стратегиялық жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асырудың тікелей нәтижесі. Осы рецензияланған зерттеуді жариялау арқылы NASA ғылыми қауымдастыққа олардың биологиялық сипатын растау немесе жоққа шығару мақсатында әрі қарай зерттеулер жүргізуге деректер ұсынады», – деді Фокс.
NASA мәліметінше, Perseverance марсоходы Қызыл ғаламшарда зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырған «барыс өрнегіне» ұқсас дақтары бар топырақты тапқан. Бұл дақтардың құрамынан темірге бай екі минералдың – вианиттің (гидратталған темір-фосфат) және грейгиттің (темірлі сульфид) белгілері анықталған. Вианит Жерде көбіне шөгінділерде, шымтезек батпақтарында және ыдырап жатқан органикалық заттардың маңында кездеседі. Сол сияқты, Жердегі кейбір микроағзалар грейгит түзуге қабілетті.
Дереккөз: https://www.gazeta.ru/science/news/2025/09/10/26701712.shtml
Фото: Jpl.nasa.gov