Картоп фриді жиі жеу 2-типті қант диабетінің даму қаупін 20%-ға арттырады. Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеушілері осындай пікірге келді. Ауқымды зерттеудің нәтижесі BMJ (British Medical Journal) журналында жарияланды.
Зерттеуге 205 мыңнан астам адам қатысқан. 30 жыл бойы олар үнемі өздерінің тамақтану рационы мен денсаулық жағдайы туралы сауалнамаларды толтырып отырған. Талдау нәтижесі көрсеткендей, аптасына үш және одан да көп порция картоп фри жеу диабет қаупін 20%-ға арттырады. Ал езілген, пеште пісірілген немесе қайнатылған картоп мұндай әсер бермеген.
Авторлар қауіп өнімнің дайындалу тәсілінде екенін атап өтті — фритюрде қуыру кезінде зиянды қосылыстар түзіледі және тағамның гликемиялық жүктемесі артады.
Сондай-ақ, картоп фриді тұтас дәнді өнімдермен — мысалы, нан немесе макаронмен алмастыру диабет қаупін 19%-ға төмендететіні анықталды. Бұл нәтижелерге жарты миллионнан астам адамның деректері кірген метаанализ дәлел болды. Ғалымдар тіпті тамақ рационындағы шағын өзгерістердің де қандағы қант деңгейін бақылауды айтарлықтай жақсарта алатынын анықтады.
Дереккөз: https://www.gazeta.ru/science/news/2025/08/07/26443772.shtml?updated
Фото: Shutterstock