Әлемдегі ғылым

«Қара сарбаз» шыбынынан экологиялық технологиялар әзірленуде

05.08.2025

88

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова «қара сарбаз»  шыбыны арқылы экологиялық технологияларды әзірлеп жатыр.

Жас ғалым «қара сарбаз» шыбынын өсіріп, шыбынның дернәсілдерінен жемшөп қоспасын және органикалық тыңайтқыш әзірлеген. Оның айтуынша, қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі мен жер құнарын сақтау өзекті мәселе болып отыр. 

«Бүгінде ауыл шаруашылық жануарларына арналған табиғи жемшөп қоспаларының тапшылығы мен топырақтың тозуы орын алып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «қара сарбаз» шыбынын пайдаланып, органикалық тыңайтқыш ойлап таптық. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін күрделі  технологиялық шешімдер қажет емес. Шыбындар мен дернәсілдерді оңтайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз ету арқылы оны жыл бойы өсіруге болады», - дейді жас зерттеуші.

Дереккөз: https://t.me/gylym_jogary_bilim/10578
Фото: Entomologytoday.org

«« | »»
Соңғы жаңалықтар