Әлемдегі ғылым

Қытайда робот докторантураға түсті

04.08.2025

128

Қытайда Xueba 01 (оқу озаты) атты гуманоид робот докторантураға қабылданды. Ол елдегі жетекші оқу орындарының бірі — Шанхай театр академиясында (STA) «Драма және кино» мамандығы бойынша білім алады, деп хабарлайды South China Morning Post. 

Xueba 01 роботын Шанхай ғылым және технология университетінің ғалымдары DroidUp Robotics компаниясымен бірлесе отырып жасаған. Көзілдірік таққан, жейде мен шалбар киген Xueba 01 адамдармен қытай тілінде сөйлеседі.

Роботтың сабағы 14 қыркүйектен басталмақ. Ол төрт жылдық оқу барысында түрлі дәрістерге қатысады, басқа докторанттармен бірге опера қойылымдарын дайындайды, қорытынды диссертация жазады. 

Xueba 01-дің тәлімгері ретінде танымал шанхайлық суретші әрі профессор Ян Цинцин таңдалған. Оның айтуынша, Xueba 01 сахна шеберлігі, сценарий жазу және сценография сияқты пәндерді, сондай-ақ техникалық пәндерді де оқиды. Робот оқуын аяқтаған соң музейде немесе театрда опера режиссері болып жұмыс істей алады, тіпті өзінің көркемдік студиясын да ашуы мүмкін, дейді тәлімгер.

Дереккөз: https://www.scmp.com/news/people-culture/trending-china/article/3320257/china-first-robot-accepted-drama-and-film-studies-phd-programme-becomes-online-sensation?module=perpetual_scroll_0&pgtype=article
Фото: Scmp.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар