Аустралия ғалымдары «минорлы сплайсинг» деп аталатын сирек молекулярлық үдерісті бөгеу арқылы агрессивті ісіктермен күресуді ұсынды. EMBO Reports журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұл механизмді басу бауыр, өкпе және асқазан ісіктерінің өсуін сау жасушаларға айтарлықтай әсер етпестен күрт баяулатады.
Минорлы сплайсинг — бұл РНҚ-ны «монтаждау» үдерісі, ол гендердің небәрі 0,05 пайызын ғана, бірақ аса маңыздыларын қамтиды: дәл осылар жасушалардың бөлінуіне жауап береді және қатерлі ісіктердің басым бөлігінде, әсіресе KRAS мутациясы барларында белсенді болады. WEHI институтының ғалымдары бұл жүйеге араласу қатерлі ісік жасушаларында ДНҚ-ның зақымдануына себеп болатынын және организмнің басты қорғаныс механизмі саналатын p53 ақуызының белсендіретінін дәлелдеді. Бұл ақуыз қатесі бар жасушалардың жойылуын іске қосады.
Балықтарға, тышқандарға және өкпе ісі жасушаларына жүргізілген тәжірибелерде тек бір ақуыздың — RNPC3 белсенділігінің төмендеуі ісік жүктемесінің күрт төмендеуіне себеп болды. Бұл ретте сау тіндерге зиян келмеген.
Зерттеушілер тобы минорлы сплайсингті баса алатын қосылыстарды іздеуді бастап кетті. Бұл болашақта басқа емдеу әдістеріне төзімді ісіктерге қарсы жаңа дәрілердің жасалуына жол ашуы мүмкін.
Дереккөз: https://lenta.ru/news/2025/07/29/otkryt-effektivnyy-sposob-borby-s-ustoychivymi-opuholyami/
Фото: iStock