Әлемдегі ғылым

Қазақ ғалымдары өндірістік қалдықтардан қорғаныш материалдарын жасауды қолға алды

30.07.2025

72

Amanzholov University физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлсім Бектасова және оның ғылыми тобы өндірістік қалдықтарды пайдаланып инновациялық қорғау жабындарын жасаумен айналысып жатыр.

Гранттық қаржыландыруға ие болған бұл жобаның негізгі мақсаты – өндірістік қалдықтарды газотермикалық шашу әдісі арқылы берік әрі төзімді жабындар жасауға құнды ресурс ретінде пайдалану. 

Гүлсім Бектаеваның сөзінше, бұл жоба экологиялық және экономикалық мәселелерді шешеді. Оның айтуынша, жоба аясындағы жұмыс үш бағытта жүргізілмек. Атап айтқанда, күріш қауызынан алынған кремний диоксиді (SiO₂) негізінде биокомпозитті жабын әзірлеу. Сондай-ақ шыны өнеркәсібінің қалдықтарынан жасалатын шыны-керамикалық жабындар, күріш қауызынан алынған кремний карбиді (SiC) мен күнбағыс қауызынан алынатын калий оксиді (K₂O) негізінде материалдар жасау көзделген. Бұдан бөлек, жылу электр станцияларында көмір жағу нәтижесінде пайда болатын ұшпа күлден ерекше жабындар жасалады. Мұндай материалдар беріктігі мен коррозияға төзімділігін арттыру үшін легирлеуден өтеді.

Жуырда Amanzholov University ғалымдары Universiti Sains Malaysia және Sultan Idris Education University жас зерттеушілерімен халықаралық ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Мұндай серіктестік жобаны барынша тиімді іске асыру үшін тәжірибе, ресурс пен білім алмасуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1042157?lang=kk
Фото: Gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар