Торайғыров университетінің ғалымдары ақпарат алу үшін ток трансформаторларын пайдаланбаудың арқасында бәсекеге қабілетті электр қозғалтқыштарын релелік қорғаудың ресурс үнемдейтін құрылғыларын құруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырды.
Жоба тақырыбы электр энергетикасындағы маңызды мәселелердің бірі – асинхронды электр қозғалтқыштары сияқты электр энергиясын тұтынушы қабылдағыштардың релелік қорғанысында ресурсты үнемдеу мәселесіне арналған. Бұл қозғалтқыштар – ең ірі энергия тұтынушылар болып саналады. Аталған мәселені шешудің бірнеше жолы бар, алайда жоба авторларының пікірінше, ең тиімді тәсіл – металл көп қажет ететін ток трансформаторларын арзанырақ балама ток датчиктерімен ауыстыру.
Жобаны орындау барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Ақаулық диагностикасы бар төмен вольтты электр қозғалтқышының оның фазалық шықпасы қорабына салынған тез әрекет ететін көпфункционалды қорғанысы құрылды;
- Ток фазаларын функционалдық және/немесе тестілік диагностикамен және геркондарды бекітуге арналған конструкциялармен салыстыру негізінде геркондарда электр қозғалтқыштары тобының әрекет ету алгоритмі мен ресурс үнемдеу қорғау сұлбасы құрылды;
- Нөлдік шықпаларда ток трансформаторларын орнатуға болмайтын электр қозғалтқыштарындағы көп фазалы және орамдау тұйықталулардан ресурс үнемдейтін қорғаныс әзірленді;
- Электр қозғалтқышына ендірілген орамдау тұйықталудан электр қозғалтқышын қорғау құрылғысы жетілдірілген;
- Геркондарды бекітуге арналған конструкциялардың сұлбалары әзірленді;
- Қазақстан Республикасының 3 патенті, 1 Еуразиялық патент алынды, 2 Еуразиялық патент, 1 Ресей Федерациясының патенті және 1 Қазақстан Республикасының патентке өтінім берілді;
Ғылыми-зерттеу жұмысы: AP15473215 Электр қозғалтқыштарын релелік қорғаудың ресурс үнемдейтін және бәсекеге қабілетті құрылғыларын әзірлеу
Ғылыми жетекші: Қалтаев Абдулла Ғабдылманапұлы, PhD