Әлемдегі ғылым

Үндістан гуманоид роботты ғарышқа ұшырмақ

29.07.2025

31

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы 2025 жылдың желтоқсанында ішінде гуманоид робот бар ғарыш кемесін орбитаға ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады ұйым төрағасы Ваннияперумал Нараянан. Бұл 2027 жылдың наурызына жоспарланған «Гаганьян» пилоттық миссиясына дайындық аясында жүзеге асырылады.

Нараянанның айтуынша, әйел бейнесіндегі Виоммитра есімді роботты ғарышқа жіберу жоспарланып отыр. Ол пилотты кеменің барлық негізгі жүйесін тексеру үшін қолданылады. Виоммитра өмірді қамтамасыз ету және ұшу-басқару жүйесін сынақтан өткізеді. Ұйым төрағасының сөзінше, 2026 жылы тағы екі ұшқышсыз миссияны іске қосу көзделген. Егер олар сәтті өтсе, Үндістанның алғашқы пилотты ғарыштық миссиясы 2027 жылдың наурызында іске қосылады. 

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди «Гаганьян» жобасын 2018 жылы жариялаған еді.  Алайда COVID-19 пандемиясы мен басқа да қиындықтарға байланысты бұл жобаны жүзеге асыру үнемі кейінге шегеріліп келді.

Дереккөз: https://www.rbc.ru/technology_and_media/28/07/2025/688796259a79475a3e8c813c
Фото: Oxu.az

«« | »»
Соңғы жаңалықтар