Әлемдегі ғылым

Шығысқазақстандық ғалым ағаштардың экологиялық күйге төзімділігін зерттеп жатыр

24.07.2025

231

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті биология кафедрасының оқытушысы Құралай Алипина «Жас ғалым» гранты аясында Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлеріндегі ағаш тұқымдастарына техногендік және климаттық факторлардың әсерін дендроиндикация әдісімен зерттеп жатыр.

Жас ғалымның айтуынша, климаттың жылынуы мен өндірістік ластану мәселесі ШҚО-да өте өзекті, Өскемен және Риддерде ауыр өндірістер орманға үлкен техногендік жүктеме түсіріп жатыр. Жоба аясында аталған екі қала маңындағы ормандарда зерттеу алаңдары құрылып, ағаш түрлерінен керн үлгілері жиналған және бастапқы өңдеуден өткізілген. 

«Мен экожүйелерді мониторинг жүргізуге арналған интерактивті дендрокарта, орман ресурстарын тұрақты басқаруға қатысты ұсыныстар және болашақ мамандарға арналған оқу құралын әзірлеуді жоспарлап отырмын», - дейді Құралай Алипина.

Зерттеу нәтижелері экология және орман шаруашылығы саласындағы кадрлар даярлау мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоспақ.

Дереккөз: https://t.me/gylym_jogary_bilim/10593
Фото: Stock.adobe.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар