Қазақстан ғылымы

Марс хроникасы – қызыл планета шаңы адам денсаулығына зиян

07.04.2025

1066


Суретті қытайлық Тяньвань-1 аппараты түсірген 

Ғалымдар тобы GeoHealth журналында Марс шаңының химиялық құрамына және оның адам денсаулығына ықтимал әсеріне толық талдау жасалған зерттеулерін жариялады. (DOI: 10.1029/2024GH001213)  

Марс шаңы өте жіңішке – адам шашынан 25 есе жіңішке болғандықтан, кез келген жерге еркін енуі мүмкін. 

Боулдердегі Колорадо университетінің және басқа да ғылыми мекемелердің ғалымдары марс шаңы болашақтағы астронавттардың денсаулығына кері әсерін тигізетінін алға тартады. Әсіресе созылмалы респираторлық ауруларға, қалқанша безінің бұзылуына және басқа да медициналық патологияларға алып келуі мүмкін. 
  
Марс шаңын зерттеу үшін марсоходтардан, марс метеориттерінен алынған деректер пайдаланылды. Нәтижесінде ғалымдар ұзақ уақыт бойы дем алатын болса, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін химиялық қосылыстарды анықтаған. Оның ішінде силикаттар мен темір оксидтеріне бай минералдар, бериллий және мышьяк сияқты металдар және перхлораттар деп аталатын қосылыстардың ерекше қауіпті класы бар. 

Көптеген жағдайларда бұл химикаттар Марс шаңында аз мөлшерде болады. Бірақ, бұл планетаны зерттеуге баратын зерттеушілер Марс бетінде шамамен бір жарым жыл жұқмыс істемекші. Сондықтан, оларға қауіпті болуы мүмкін деп отыр зерттеудің бірлескен авторы Брайан Хайнек.

Марс құрамында бір хлор атомынан және бірнеше оттегі атомдарынан тұратын перхлораттар деп аталатын жоғары тотықтырғыш қосылыстардың көп мөлшері бар. Перхлораттар Жер бетінде сирек кездеседі, бірақ кейбір дәлелдер бойынша олар адамның қалқанша безінің жұмысына әсер етуі мүмкін және ауыр анемияға да алып келуі ықтимал. Тіпті Марс шаңының бірнеше миллиграмм перхлораты тыныс алу кезінде ғарышкерлер үшін қауіпті болмақ.  

Марсты зерттеу жолында ғарышкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы деректер ескерілу керек. Қауіпсіздік шаралары профилактикалық процедураларды да, техникалық процедураларды да қамтылуы тиіс. Мысалы, антистатикалық қасиеттері бар арнайы өзін-өзі тазартатын скафандрлар, шаң бөлшектерінің ұсақ мөлшеріне арналған сүзгілер, антистатикалық экрандар және т. б. 

  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар