Қазақстан ғылымы

Қазақстанның жас ғалымдары – «Жас ғалым» байқауының жеңімпаздары

28.02.2025

113



Дархан Әсел Зұлпықарқызы – жас ғалым, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Әсел өзінің университетінде магистратураны бітіріп, докторантурада оқып, дербес ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге кірісті. 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жас ғалымдардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасалады, олардың қолға алған зерттеулерін қаржыландыру үшін университетішілік конкурс өткізіледі. 2024 жылы осындай байқаудың жеңімпазы атанған 11 зерттеушінің бірі Дархан Әсел болатын.  

Бүгінгі таңда әріптестері жас ғалымды «Энергия, озық материалдар және көлік» басым бағыты бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған «Жас ғалым» байқауындағы жеңісімен құттықтайды. 

Әсел Зұлпықарқызының қызығушылық танытқан ғылыми саласы – минералды шикізаттар мен техногендік қалдықтар негізінде керамогранит алудың инновациялық технологиясын әзірлеу. Ғалым зерттеу нәтижесінде алынған технология керамограниттің механикалық және пайдалану сипаттамаларын, атап айтқанда, беріктігін, су сіңіргіштігін және аязға төзімділігін жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімді. 

Жоба Қазақстанның керамика өнеркәсібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде импортты алмастыру және өндіріс тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталған.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар