2020-2022 және 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысына (бұдан әрі – Қағида) 2021 жылғы 22 қазанда № 758 енгізілген өзгерістерге сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді ұсыну туралы норма алынып тасталды.
Қағидалардың 66-тармағына сәйкес грант алушылар іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын шарттар бойынша Сараптама орталығына ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді ұсынады.
Сондай-ақ, гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын ҚБП белгісі бар жобаларды іске асыру бойынша қысқаша мәліметтер қағаз түрінде ұсынылатынын хабарлаймыз (нысан бойынша).
Сонымен қатар «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысының (2021 жылғы 11 қазандағы №744 ҚРҮҚ) 43-тармағына сәйкес гранттық қаржыландыру шеңберінде (жоба аяқталғаннан кейін) жобаларды қаржыландыруды тоқтату (қаржы жылы аяқталғаннан кейін) және қорытынды есептерді қабылдау туралы ҰҒК шешімдері:
1) іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын жобалар үшін күнтізбелік жоспарға және мониторинг актісіне (бар болса) сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтер;
2) қорытынды есептер үшін МҒТС қорытындысы және мониторинг актілері (бар болса) есепке алына отырып, кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді а.ж. 1 қарашасынан 15 қарашасына дейінгі аралықта қабылдайтындығын хабарлайды.
Қабылдау электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі (http://is.ncste.kz).
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бақармасына хабарласу қажет: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19